Қырым түбегіндегі әскери полигонда өрт тұтанды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болған. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Өрт Киров ауданындағы әскери полигонда болды. Осыған байланысты 4 елдімекендегі 2 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Түбектің шығысындағы автожолдарда қозғалыс тоқтаған. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырым түбегіндегі әскери полигонда өрт тұтанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179075/)