Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қаузады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі негізгі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайту үшін мол әлеует бар екенін айтып, екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға ниетті екенін жеткізді.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179092/)