Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растап отыр. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қажетті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179101/)