Грекияда орман өрті ауылдарға жақындап қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тілсіз жаудың қарқыны күшейе түскен. Өңірдегі аптап ыстық пен күшті жел жалынның таралуын жылдамдатып отыр. Ауа-райы болжамы да көңіл көншітпейді. Бүгін және демалыс күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Грекияда орман өрті ауылдарға жақындап қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179136/)