Ресейліктер Қазақстанға ақша аударуын күрт азайтты. Көрші ел биыл еліміздің банк шоттарына 55 млрд теңге жіберген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға аз. Соған қарамастан, Ресей Қазақстанға қаражат аударатын елдер арасында көш бастап тұр. Одан кейін өзбекстандықтар елімізге 14,7 млрд теңге аударған. Оңтүстік Кореядан 13,9 млрд, АҚШ-тан 13,9 млрд теңге жіберілген. Ал Қазақстаннан шетелге жалпы соммасы 349 млрд теңге жөнелтілді. Ақша аударымының көбі Түркия, Ресей, Өзбекстан елдеріне жасалған.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейліктер Қазақстанға ақша аударуын күрт азайтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179155/)