Алматыда ауа райы күрт бұзылып, қатты дауыл тұрды. Салдарынан бірнеше ағаш құлап, көліктерді басып қалған. Шахардың бірнеше ауданында жарық сөнді. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше , «112» нөміріне бірнеше тұрғын хабарласып, тал-теректің сынып, құлағаны туралы айтқан. Тиісінше оқиға орнына құқару қызметінің мамандары жіберілген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер жоқ. Жалпы, жыл басынан бері шаһар көшелерінде 30-ға жуық ағаш құлаған. Оншақты көлік пен екі дәмхана зақымданған. Құзырлы органның дерегінше, қазір қалада 4 млн-ға жуық тал-терек өсіп тұр. Оның 80 мыңдайы апеатты жағдайда, яғни кез келген сәтте тамырымен қопарылуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ауа райы күрт бұзылып, қатты дауыл тұрды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179158/)