Индонезияның Сулавеси аралында паром суға батып, 15 адам қаза тапты. 19 жолаушы із-түзсіз жоғалған. Су көлігінің бортында барлығы 40 адам болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жолаушылар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. 6 адам тірі қалған. Апаттың нақты себебі туралы әзірге ешбір мәлімет жоқ. Қайғылы оқиға болған аймақта ұлттық іздеу-құтқару тобы жұмыс істеп жатыр.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Индонезияның Сулавеси аралында паром суға батып, 15 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179207/)