Ресей бидайы қазақстандық өнім ретінде экспортталып келген. Көрші елден әуелі Қазақстанға жеткізіліп, кейін отандық өнім ретінде Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстанға жөнелтіліп отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмысты анықтады. Павлодар облысы бойынша департамент жалған келісімшарттар жасаған.
Анықталған тұлға 2021-2022 жылдар аралығында Орталық Азия елдеріне 26 мың тонна ресейлік бидайды жіберген. Жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға ресейлік бидайды экспорттаған. Әрі 460 млн теңге халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған. Жалпы соңғы 1,5 жылда Павлодар облысында 5 тұлға осындай заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресей бидайы қазақстандық өнім ретінде экспортталып келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179231/)