Күзгі егін жинау кезінде шаруаларға дизель отыны арзан бағада сатылады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, егін маусымы басталғанда сұйық отынды фермерлер 15 пайызға төмен бағада ала алады. Яғни қазір 1 литрі 295 теңге тұратын дизель 257 теңгеден беріледі. Жеңілдік науқаны шілде айынан қарашаға дейін жүреді. Ол үшін Үкімет 426 мың тонна болатын дизель отынын бөліп отыр.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дизель отыны шаруаларға арзан бағада сатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179260/)