Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, құрылысшылар ғимараттар мен тұрғын үйлерді сәулеттік-жобалау талаптарын бұзып салған. Мұндай кемшіліктер тиісті тексеру кезінде анықталып, мердігерлерге қатысты 165 хаттама толтырылған. Сондай-ақ заңсыз салынған 31 нысанды сүру туралы шешім қабылданды.
Қазір бұл нысандарға қатысты материалдар сотта қаралуда. Оның 18-іне мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан. Төрт нысан сот шешіміне сәйкес бұзылды. Қазіргі таңда тағы төртеуі аппеляциялық сотта қаралуда. Мамандар құрылыс нысандарына қатысты тұрғындарынан арыз-шағымдар да көбейгендігін айтады.
Айнұр Әбілқасымқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңге айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179269/)