Жаһандық экономикалық өсім биыл 3 пайызға дейін төмендейді. Бұл Халықаралық валюта қорының болжамы. Экономика әсіресе дамыған елдерде баяулап қалған. Бұған инфляцияның жоғары болуы, қатаң ақша-несие саясаты ықпал етіп отыр. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, әлемдік экономика алдында тұрған өзекті мәселе - инфляция деңгейін төмендету.
Дегенмен Украинадағы соғыс, ауа-райындағы өзгерістер инфляцияның өсіп, қаржы нарықтарының құбылуына әкелуі мүмкін. Сол себепті экономистердің пікірінше, климаттың өзгеруі, халықаралық сауда саласында ғаламдық ынтымақтастықты арттыру маңызды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаһандық экономикалық өсім биыл 3 пайызға дейін төмендейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179290/)