Қызылордада бір тәулікте 2 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Екеуі де ауруханада жатыр. 5-қабаттан құлаған 4 жасар қыздың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 2 жастағы сәби ата-анасының назарынан тыс қалған кезде құлап кеткен. Дәрігерлер жағдайы орта ауыр екенін айтады.
Сондай-ақ, осы аптада Шымкент қаласында 7 жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болған еді. Жыл басынан бері мегаполисте 4 бала мертіккен.
Айнұр Әбілқасымқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада 2 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179320/)