Бразилияда астық жинайтын орындардың бірінде жойқын жарылыс болды. Одан 8 адам қаза тапқан. Марқұмдардың 7-еуі гаитилік, біреуі бразилиялық азамат. Хабар-ошарсыз кеткендер бар. Оқиға елдің оңтүстігіндегі ауылшаруашылық кооперативінде болған. Бұл жерде елдегі озық фермалар орналасқан. Жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилияда жойқын жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179366/)