Маңғыстауда 76 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 3 жыл бойы білім ошағының шотынан өзінің жалақысына артық ақша аударып отырған. Тергеу барысында есепші кінәсін толықтай мойындады. Енді ол жазасын темір торда өтейді. 5 жылдай материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда 76 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179374/)