Қазақстан діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарға қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарға қосылды

28.07.2023

Қазақстан Құран кәрім кітабын қорлауға қарсы БҰҰ дайындаған жаңа қарарға тең автор ретінде қосылды. Құжатта дінге қарсы наразылықтың барлық түрі айыпталады. Атап айтқанда, діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, діни көзқарастағы адамның үйіне, мүлкіне, мектепке, мәдени орталықтар мен ғибадат орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекет дінге қарсы жасалған шабуыл деп есептеледі. Қазақстаннан бөлек бұл қарарды 47 мемлекет қолдады. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның бірқатар елінде Құранды өртеу жағдайларын арандатушылық әрекет деп айыптаған еді. Мемлекет басшысы «Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді» деген болатын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу