Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллезге шалдыққан. Індет өңірге қарасты 6 елдімекен тұрғындарынан анықталып отыр. Бұл туралы санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы баяндады. Оның айтуынша, тұрғындарға инфекция малдан жұққан. Жыл басталғалы облыста төрт түлікке қатысты аса қауіпті 3 ауру ошағы тіркелген.
Жандос Темірғали