Ресейге өткен жексенбіге қараған түні дрондармен шабуыл жасалды. Ұшқышсыз екі аппарат ел астанасындағы «Мәскеу-Сити» ауданындағы ғимараттарды зақымдаған. Ал үшіншісі атып түсірілді. Қала мэрінің мәлімдеуінше, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек екі кеңсе ғимаратының қасбетіне зақым келген.
«Би-Би-Си»-дің мәлімдеуінше, бұл - Мәскеуге мамырдың басынан бері дронмен жасалған төртінші шабуыл. Ресей Қорғаныс министрлігі аппараттар Украинаға тиесілі екенін айтты. Алайда Киев шабуылды өз мойнына алған жоқ.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейге өткен жексенбіге қараған түні дрондармен шабуыл жасалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179425/)