Қызылорда облысында банк қызметкері жұмыс орнынан 600 млн теңгеден астам ақша ұрлаған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Касса қызметкерінің 1 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, халаттың жеңіне орағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотқа соңғы 3,5 жылда 158 млн теңге түскені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңге жымқырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179462/)