Біреуі қайтыс болды: Қарағандыда балалар жаппай уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біреуі қайтыс болды: Қарағандыда балалар жаппай уланып қалды

01.08.2023

Қарағандыдағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып қалды. Біреуі қайтыс болды, тағы алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Ауруханаға іші ауырып, құсқан бас-аяғы 12 бала жеткізілді. Олардың жағдайын дәрігерлер аса ауыр дейді. Жансақтау бөлімінде жатқандардың барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылыпты.

Науқастардың жас мөлшері 10 мен 15 аралығында. Атап өткен жөн, балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығыда дені мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалғандар. Бұл жағдайды облыстың арнайы прокурорлар басқармасы тексеруге алып, қылмыстық іс қозғады. Қазір орталық басшысының міндетін атқарушы жұмыстан шеттетілген.

Ержан Жүнісов, Облыстық клиникалық балалар ауруханасы инфекциялық орталығының жетекшісі:

Барлық науқастарға шұғыл қажетті емдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық және облыстық токсиколог және пульмонолог мамандармен ем-шара барысы талқыланды. Барлық биологиялық сынамалар алынды. Балалар ерекше бақылауда.



Хабарламаларға жазылу