Қарағандыда уланған балалар астан ұшынбаған. Белгісіз заттан улану диагнозы қойылып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты. Ол оқиға орнына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған бірқатар мамандар аттанғанын жеткізді.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Бізге Қарағандыда балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Бұл 12 балаға қазір белгісіз заттан улану диагнозы қойылып отыр, яғни уланудың нақты себебі белгісіз.
Сондай-ақ оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды. Ал Бас прокуратура болса, ел ішіндегі барлық балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тексеріс жүргізетін болды. Оған арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денсаулық сақтау вице-министрі: Қарағандыда уланған балалар астан ұшынбаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179474/)