Алматыда Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили кездесті. Олар сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Жалпы, осы жылдың 6 айында өзара сауда көлемі шамамен 30%-ға өсіп, 190 млн долларды құрады. Премьер-министр екіжақты қарым-қатынаста транзиттік-көлік секторындағы ынтымақтастыққа басымдық берілетінін атап өтті.
Серік Селеубайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Грузия сауда, көлік және логистика салаларын одан әрі дамытуға ниетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179506/)