Жол-көлік апатынан қайтыс болатындар саны азаймай тұр. Қазақстан жолдарында күніне 10 адам көз жұмады. Оның біреуі – бала. Жыл басынан жол апаты салдарынан жалпы 72 бала қайтыс болды. 1 мың 152-сі түрлі жарақат алған. Ішкі істер министрілігінің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың 67 пайызында бүлдіршіндер көлік ішінде болған. Қалғаны – жаяу жүргіншілер. Қайғылы оқиғалардың көбі республикалық жолдарда тіркелген. Жыл басынан мұндай жағдайлар Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында көп тіркеліп отыр.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жол апатынан қайтыс болатындар саны азаймай тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179549/)