Израиль астанасы Тель-Авивте сот реформасына қарсы ауқымды шеру әлі жалғасып жатыр.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, митингке мыңдаған адам жиналған. Израильде мұндай акциялар жыл басынан бері қайта-қайта өтіп, оларға миллиондаған тұрғын қатысты. Жемқорлық үшін айыпталған премьер-министр Биньямин Нетаньяху сот жүйесін қайта қарап, Жоғарғы соттың пәрменін шектегісі келеді. Оның сөзінше, мұндай реформа билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін қажет.
Алайда халықтың бір бөлігінің ойынша, бұл өзгеріс биліктің соттарға ықпалын күшейтіп, Израильді демократиялық бағыттан тайдырып, коррупцияға жол ашуы мүмкін.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израильде сот реформасына қарсы шеру жалғасып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179562/)