Ел ішінде экотуристер саны 2 есе артқан. Мәселен, 2020 жылы олардың саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында 2 млн-ға жетті. Мамандар «бұл - экотуризм мәдениетінің қалыптасқанын көрсететеді»,- дейді. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарындағы жаңа туристік нысандар осы саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп санайды.
Визит-орталықтарда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар түнгі сағат 22.00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері оларды іздеуді бастайды.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел ішінде экотуристер саны 2 есе артқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179577/)