Қарағандыда қала шетіндегі орман алқабынан 4 мылтық пен 1 тапанша табылды. Бұдан бөлек 200-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Табылған заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды. Тәртіп сақшылары қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, сақтау бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғап, тергеуді бастады.
Аталған баптың санкциясына бойынша, қару жасырғандарға 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда қала шетінен 4 мылтық пен 1 тапанша табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179608/)