Зейнеткерлерден ақша алған дроппер ұсталды. Ол интернет-алаяқтардың нұсқауы бойынша жұмыс істеп келген. 85 жастағы қария полицияға арызданып, белгісіз жігітке 1 млн 600 мың теңге бергенін айтқан. Айтуынша, оған ер адам қоңырау шалып, құқық қорғау органының қызметкері ретінде өзін таныстырған.
Қарияның немересі жол-көлік оқиғасына себепші болғанын айтып, жағдайды реттеу үшін ақша талап еткен. Осыған дейін де бірнеше зейнеткер алданған. Қолма-қол ақшаның белгілі бір бөлігін «курьер» болып жұмыс істеген жігіт өзіне қалдырып, қалғанын банк деректемелері арқылы шетелге жіберген.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зейнеткерлерден ақша алған дроппер ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179624/)