Ақтауда алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты басталды. Бұл халықаралық сайыстың басты ерекшелігі - қатысушылар кәсіби шеберлер емес, шахматты жақсы көретін қарапайым әуесқой мектеп оқушылары. Әлемнің 53 елінен 400-ге жуық ойыншының басын қосқан бәсекеде ел намысын 6 қаладан келген 10 мектептің оқушысы қорғайды.
Чемпионатқа құрлық асып келгендер арасында Нигерия құрамасы да бар. Команда Ақтауға жеткенше 2 тәуліктен артық жол жүрген. Құрама команда да 12 жасқа толмаған бес шахматшы бар. Өз еліндегі іріктеуде үздік болған спортшылардың бұл әлем біріншілігінен үміті мол.
Олумде Айодежи, команда капитаны (Нигерия):
Біздің құрама Нигерияның ішінде ұлттық іріктеу кезеңінен өтті. Оған еліміздің әр аймағынан әуесқой шахматшылар қатысты. Мақсатымыз – шахматтан әуесқойлар арасында әлем чемпионы атану. Оны енді жарыс көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179661/)