Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді. «АрселорМитталТеміртау» Акционерлік қоғамы 2-ші жылу электр орталығындағы маусымға дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады.
Оның айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жетінші қазандық салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде. Өйткені нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, осының салдарынан негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда. Мердігер ұйым басшылығының есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміртауда жылу беру маусымына дайындық тексерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179693/)