Солтүстік Қазақстанда қаңғыбас иттер мен мысықтарды чиптеуге облыстық бюдждеттен 53 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазір мамандар иесіз жүрген жануарларды стерильдеп, таңбалап жатыр.
Чип - үй жануарларының цифрлық төлқұжаты. Электронды құрылғыда төртаяқтылар және олардың иелері жайында мәлімет жазылып, «Таңба» ақпараттық жүйесінде сақталады. 1 қыркүйектен бастап чип қойдырмаған жануар иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Аманжол Нұртазин, Облыстық ветеринария басқармасының маманы:
Чиптеу әлжуаз топтарға жататын азаматтарға тегін жүргізіледі. 1 мың чип сатып алынған. Ветеринарлық станциялар да бұл қызметті пайдалана алады.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да ит-мысықтарды таңбалауға 53 млн теңге бөлінген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179697/)