Суданда күшейіп келе жатқан қарулы қақтығыс кесірінен үйлерін тастап кеткендер саны 4 миллионнан асты. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеп отыр. Босқындардың 884 мыңы көрші жатқан елдердің аумағына өтіп кеткен. Мамырдың ортасынан бері, 300-ден астамы аштықтан және қызылша ауруынан қайтыс болған.
Жан тәсілім еткендердің көбі – 5 жасқа дейінгі балалар. Судан армиясы мен «Жедел қолдау күштері» атты қарулы ұйым арасындағы билікке талас сәуірде басталды. Маусымдағы мәліметке жүгінсек, қақтығыстан 3 мыңнан астам адам қаза тапқан екен.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Суданда 4 млн адам үйлерін тастап кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179773/)