Осы айда 369 мың тоннадан астам АИ- 95 маркалы бензин зауыттардан елдің әр өңіріндегі май құю бекеттеріне тасымалданады. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Жалпы елдің түкпір-түкпіріне 1047 цистерна бензин жеткізілмек. Оның 341-і сұранысқа ие АИ- 95 маркадағы бензин.
Атырау мұнай өңдеу зауыты - 125, Шымкент зауыты - 102, Павлодар зауыты - 80 цистерна жанар-жағар май жөнелткен. Мұнай өнімі магистральді автожолдар арқылы тасымалданады. «Осылайша, елдегі қара алтын өңдеу зауыттары ішкі нарықтағы сұранысты толық орындап отыр»,- деді министрлік.
Елдос Есенбол
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде осы айда 1047 цистерна бензин тасымалданады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179783/)