Астанадан Бодрумға ұшқан ұшақтан ақау шығып, Ақтауға қонуға мәжбүр болды. Бордта 163 жолаушы болған. Олар 8 сағат бойы Астанадан басқа ұшақтың жіберілуін күткен. Ал ақау AirAstana-ның әуе кемесінен шыққан. Себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, заң бойынша ұшақтың әр кешіккен сағатына билет құнының 3 пайызы төленуі тиіс. Ол үшін жолаушы әуе компаниясының сайтына кіріп, өтініш қалдыруы тиіс.
Тілек Әбдірақымов - AirAstana әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:
Бүгін Астана уақытымен 19:20-да қосымша ұшақ Ақтаудан Бодрумға кешіккен рейстің 163 жолаушысын діттеген жеріне жеткізбек. Бүгінгі рейстің кешігу себебі - ол отын жүйесіндегі ақау. Кешігудің әрбір сағаты үшін 3 пайызды төлейміз.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана-Бодрум» бағытындағы ұшақ ақау шығып, Ақтауға қонды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179796/)