Алматыда наурыз айынан бастап мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырған. Басым бөлігі 14 жасқа толмаған балалар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Мамандар науқаспен байланысқа түскен 15 мыңға жуық адамды анықтаған. 300-ге жуық адамға шұғыл екпе салынған. Барлық байланысқа түскендер медициналық бақылауға алынып, қызылшаның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179819/)