Жерорта теңізінде мигранттар мінген қайық суға батты. Апат кезінде тірі қалған 4 адам Лампедуза аралына жеткізілген. Олардың үшеуі - бала. Су көлігінде барлығы 45 адам болған. «Рейтердің» хабарлауынша, 41 мигрант қаза тапса керек. Олар әлі табылған жоқ. Ұзындығы 7 метр қайық жолға Тунистен шыққан. Куәгерлердің сөзінше, қайық алып толқынның кесірінен апатқа ұшыраған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жерорта теңізінде мигранттар мінген қайық суға батты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179824/)