Елімізде хәкім Абай Құнанбаев атындағы 100-ге жуық мектеп бар. Сонымен қатар, ақынның 30-дан астам мүсіні мен ескерткіші орнатылған. Бір облыс, үш аудан, бір қала, бірқатар ауыл округтері хакімнің есімімен аталады. Мың жарымға жуық көшеге ұлы ақынның аты берілген. Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы, ұлттық руханияттың бір бөлігі.
Тұтас бір дәуірдің кемеңгері, қазақтың бас ақынына деген құрмет өзге мемлекеттерде де ерекше. Әзірбайжан астанасы Бакуде, одан бөлек Нью-Дели, Париж, Бейжің, Ренн, Сеул, Тегеран және өзге де қалаларда Абайдың мүсіні мен ескерткіші бар.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде Абай Құнанбайұлы атындағы 100-ге жуық мектеп бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179830/)