Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 121 мың теңгеге жуықтады. Оның 37 мыңы - базалық төлем. Соңғы 5 жылда ол еңбек өтіліне қарай есептеліп, әр адамға жеке тағайындалған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базалық төлемді өсіру арқылы алдағы 2 жылда орташа зейнетақы мөлшерін 138 мың теңгеге дейін көбейтпек. Өзгеріс Әлеуметтік кодекс жобасы арқылы жүзеге асады. Жалпы еліміз бойынша 2 млн 300 мыңнан аса адам зейнетақы алып отыр. Биыл жарты жылда зейнеткерлерге республикалық бюджеттен 1 трлн 924 млрд теңге төлем аударылған.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде орташа зейнетақы мөлшері 121 мың теңгеге жуықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179853/)