Ақтөбе облысында волейболшы балалар апатқа ұшыраған көліктің жүргізушісі мен спорт мектебі директорының орынбасарына СОТ үкім кесті. Екеуі де 2,5 жылын абақтыда өткізеді. Зардап шеккен жаттықтырушыға 5 млн теңгеден моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Бұл соманы өтеген жүргізуші кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Еске салайық, былтыр желтоқсанда Ақтөбе-Шұбарқұдық бағытында оқушылар мінген көлік қарсы бағытқа шығып, аударылған еді. 1 бала көз жұмып, 6 оқушы түрлі дене жарақатын алды. Жаттықтырушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған волейболшы балалар ісіне қатысты сот үкімі шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179901/)