Отбасы банкі депозитті сату қызметін тоқтатады. Яғни кез-келген адам қазіргідей жинағы бар, ОП-сы жоғары депозитті сатып ала алмайды. Жаңа бастама тамыздың 21-інен бастап күшіне енеді. Банк өкілдерінің сөзінше сату-сатып алу тоқтағанымен, депозитті тек туыстарға табыстау қызметі сақталады. Бұл санатқа әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар мен ағайындылардың балалары кіреді. Жыл басынан бері мыңға жуық депозит сатылған.
Данагүл Түсіпова, «Отбасы банкі» Алматы филиалының директоры:
Барлық азаматтар ер бірінші төмен пайызбен несие алу үшін ол өзінің депозитінде ақша жинауы керек. Ол жаңағы жинақтау жүйесін қалыптастырудың, мәдениетін қалыптастырудың бір шарасы деп айтсақ болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Отбасы банкі» депозитті сату қызметін тоқтатады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179909/)