Астанадағы жылу электр орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансалары мен үшінші жылу электр орталығының құрылыс барысымен танысты. Биыл барлық 4 қазандықты кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Бұл елордадағы жылу қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Ал жаңа газ жылу стансасының артықшылығы – табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік бар. Газдан басқа, бұл нысандар дизельмен жұмыс істеуге лайықталған.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы ЖЭО-ның құрылысы аяқталуға жақын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179935/)