Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 5 адам бас бостандығынан айырылды. Олардың балаларына берешегі 9 млн теңгеден асып кеткен. Тағы 3 адамның ісі сотта қаралып, қарызын өтегендіктен жауапкершіліктен босатылды. Жалпы өңірде ата-аналық міндетін орындамай жүрген 7500-ден астам адам бар. Берешек сомасы 166 млн теңгеден асады. Қазір тағы 13 борышкер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Рустам Сәденов, СҚО прокурорының көмекшісі:
Ата-ана кәмелетке толғанша бала-шағасын асырауға міндетті. Парызын тиісті деңгейде орындамағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, 10 ай бойы алимент төлемеген азамат баласына 1,5 млн теңге қарыз болған. Ол 2 жылға сотталды.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 5 адам бас бостандығынан айырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179947/)