Үндістанда төпелеп жауған жауыннан кейін басталған лай көшкінінен қаза тапқандар саны 50-ден асты. Соңғы мәліметке қарағанда, тағы 20 тұрғын жоғалып кеткен. Оқыс оқиға Гималай тауының баурайындағы Химачал штатында болған еді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, таудан көшкен лай- батпақ Шимла қаласында діни шараға жиналған адамдарды басып қалған. Айта кетсек, жыл сайын мұздықтардың еруі мен жауын-шашынның мол түсуінен Үндістан, Пәкістан және Непал сияқты елдерде су тасып, талай адам опат болады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда лай көшкінінен қаза тапқандар саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179979/)