Жапонияның батысына «Лан» тайфуны соққы берді. Вакаяма префектурасында нөсер жаңбыр жауып, лай көшкіні болуы мүмкін деген ескерту жасалды. Соңғы мәліметке қарағанда, 800-дей әуе рейсі тоқтатылған. 90 мыңдай үй жарықсыз қалды. «Лан» тайфунының қазіргі жылдамдығы сағатына 150 шақырым. Осы дауылдың салдарынан жауын-шашын тамыздағы нормадан үш есе көп түсуі ықтимал деген болжам айтылып отыр. Сондықтан тасқын қаупіне байланысты зауыт-фабрикалар уақытша жабылып жатыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияның батысына «Лан» тайфуны соққы берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179982/)