Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауды. Кеше таңертең Мұзтау шыңының айналасын қар басып қалды. Ал синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Түнде облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда алғашқы қар жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179985/)