АҚШ-тың Гавай аралдарында өрт құрбандарының саны 99-ға жетті. Марқұмдар бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі хабар-ошарсыз кеткен 1300-дей адам әлі табылған жоқ. Кейбір тұрғындар өртен қашып құтылу үшін Тынық мұхитқа қарай жүгірген. Өрт шарпыған аумақтың 25 пайызында ғана іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Өткен аптаның ортасында басталған тілсіз жаудың жылдам тарауына аптап ыстық пен қуаңшылық себеп. Ұйытқыған жел де жалынды өршіте түскен.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гавайи аралында өрт құрбандарының саны ұлғайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180025/)