Президент тапсырмасы бойынша қайта қалпына келтірілетін Абай облысындағы Мақаншы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымы белгілі болды. Үржар аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Мақаншы ауданы құрамында болатын елдімекендер мен жер көлемі талқыланды.
Нәтижесінде Үржар ауданындағы 54 елдімекеннің 18-ін жаңадан құрылатын ауданның еншісіне беру туралы шешім қабылданды. Жалпы жер көлемі - 913 мың гектар. Аудандық мәслихат бұл ұсыныстарын енді облыстық мәслихат пен әкімшілік қарауына жібермек.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысындағы жаңа ауданның аумағы бекітілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180085/)