Қазақстандық 40-қа жуық компания «Үрімші» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды. Ұлттық павильон стендінде макарон және май өнімдері, кондитерлік тағамдар, тәтті сусындар мен балмұздақтың түр-түрі қойылған. Тоқыма және зергерлік бұйымдар да сатылымда тұр. Қытайдағы Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында өтіп жатқан шараға Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қатысты. Екі ел арасын тек сауда-саттық емес, ортақ тарих байланыстырады. Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін экспорттау мәселесі пысықталып жатыр.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық компаниялар «Үрімші» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180154/)