Жаңаөзенде нөсер жауынның салдарынан Рахат пен Теңге ауылдарының көшелерін, үй аулаларын су басты.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Өткінші нөсер жауын кеше таңертең жауған. Нәтижесінде Рахат және Теңге ауылдарында бірнеше көшені су басты. Салдарынан Рахат ауылында 8 үйдің, Теңгеде 4 үйдің ауласына су кірген. Комуналдық қызмет пен өндірістік мекемелерден 12 су сору техникасымен, төтенше жағдайлар бөлімінің 5 мотопомпасымен суды шығару жұмыстары жүргізілді. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, су кешке қарай тартылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстаудағы Теңге және Рахат ауылдарының көшелерін су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180180/)