Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнындағы №3 энергоблок та іске қосылды. Сондықтан мұнай-газ кен орындары мен өндірістік мекемелерге электр қуатын берудегі шектеулер алынды. 3-энергоблокта генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделген. Сондай-ақ, щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Энергоблок сенбі күні жұмыс істей бастады.
Айта кетейік, комбинатта екі бірдей энергоблок істен шығып, электр қуатын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Сондықтан соңғы 1 аптада аймақта электр энергиясы шектеумен берілді. Ал 1-энергоблок өткен жұмада іске қосылды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда электр қуатын берудегі шектеулер алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180200/)