Дархан Қыдырәлі: Бүгінде елімізде кез келген салада қазақ тіліне сұраныс артып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Қыдырәлі: Бүгінде елімізде кез келген салада қазақ тіліне сұраныс артып отыр

21.08.2023

Бүгінде елімізде кез келген салада қазақ тіліне сұраныс артып отыр. Бір ғана мысал, биыл республика бойынша білім беру мекемелеріне баратын балалардың 70% қазақ сыныптарын таңдаған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Ұлттық арнада бүгін алғаш рет шығатын – «Өзекті» бағдарламасына берген сұхбаттында айтты.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Астананың өзінде қазақ сыныбына барған оқушылардың оң динамикасы байқалады. Қалалық білім беру мекемесінің мәліметіне сүйенсек, былтыр 23 мың баланың 13 мыңнан астамы қазақ сыныбына барса, биыл 26 мың жарым оқушының 16 мыңға жуығы қазақ сыныбын таңдаған. Қазір елде қазақ мектептері көптеп ашылып жатыр. Кейбір өңірде аралас мектептер таза қазақ мектептеріне көшіп жатыр. Тек қана білім саласы емес, барлық сала бойынша қазақ тіліне деген сұраныстың күрт өсіп отырғандығын көріп отырмыз.

Тілден бөлек, министр қоғамда қызу талқыланған және күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты туындаған сауалдарға да жауап берді. «Өзекті» бағдарламасы «Ақпараттан» соң бірден эфирге шығады.



Хабарламаларға жазылу