Астанаға былтыр ұшақпен 6 миллион турист ат басын бұрған. Ал биыл жарты жылда 3,3 миллион саяхатшы табан тіреген. Уақыт өткен сайын көркейіп келе жатқан бас шаһарға алыс-жақын шетелдерден келушілер саны жыл санап көбейіп келеді. Жаздың аяқталуына санаулы күндер қалса да, елордаға келіп жатқан шетелдік азаматтар да аз емес екен.
О Ден Э, турист:
Астана маған қатты ұнады. Әсіресе, «Нұр жол» бульвары. «Бәйтерек» те өте әдемі. Қаланың сәулеті ғажап.
Александр Соколовый, турист:
Астанада біз бірінші рет болып тұрмын. Екінші Дубай деуге болады. Балаларым екінші жыл қатарынан келіп тұр. Мұндағы ғимараттар әдемі салынған. Көңілімізден шықты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Екінші Дубай деуге болады»: Астана шетелдіктер көзімен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/180227/)